Үндістанда халық бангладештен келген босқындарға азаматтық беруіне байланысты наразылыққа шықты
Наразылық білдірушілер өз жерлеріне мыңдаған Бангладештен келетін босқындардың қаптауынан уайымдап тәртіпсіздіктер ұйымдастыруда
Нью-Дели Ауғанстан, Пәкістан және Бангладештен келген босқындарға азаматтық алуға рұқсат берді. Алайда, Үндістан парламенті қабылдаған заңда азаматтық тек мұсылман емес адамдар ғана берілетін болған. Бұл жағдай Үндістанның басым көпшілігі мұсылман халқынан құралған Ассам мен Трипурада наразылықтарға себеп болуда.
Наразылық білдірушілер өз жерлеріне мыңдаған Бангладештен келетін босқындардың қаптауынан уайымдап, түрлі митингтер ұйымастырып көліктерді өртеп, жолдарды жауып, полициямен қақтығысқан. Полиция бұл жағдайды басу үшін көзден жас ағызатын газ қолданып, оқсыз патрондар қолданған. Полициямен арадағы тәртіпсіздіктерден 30-ға жуық адам жарақат алды.
Қазір аймақта коменданттық сағаты енгізіліп, интернет және байланыс желіден үзілген. Үндістан премьері «ассамдықтарды» уайымдамауға шақырып оларды заң жүзінде қорғайтынын мәлімдеген.