Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Үнді билігі Қытайдың «Baidu» және «Weibo» қосымшаларына тыйым салды
15:57 / 2020-08-04

Үндістан үкіметі танымал «Baidu Search» және «Weibo» қытайлық электронды қосымшаларын қолдануға тыйым салды


Үндістан үкіметі танымал «Baidu Search» және «Weibo» қытайлық электронды қосымшаларын қолдануға тыйым салды.

«The Times of India» басылымның дереккөздеріне сүйенсек, «Baidu Search және Weibo қосымшалары 27 шілдеде Үндістанда тыйым салынған 47 қытай қосымшасының қатарына кірді». «Әзірге бұл қосымшалардың толық тізімі жария етілмеген, оның құрамына TikTok қосымшасы кіретіні ғана белгілі», - дейді ақпарат көзі.

Үндістанның электрондық қызмет провайдерлеріне «Baidu Search» және «Weibo-ға» тыйым салуға нұсқау берілгеннен кейін Үндістандағы «Google» және «Apple» іздеу жүйелерінен осы қытай қосымшаларын алып тастау ұсынылған.