Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Әндіжанда 1,7 миллиард доллар көлемінде тікелей инвестиция тарту жоспарланған
13:03 / 2019-05-17

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев басшылығында Әндіжан облысы әкімшілігінде жиын өтті.


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев басшылығында Әндіжан облысы әкімшілігінде жиын өтті.

Республиканың барлық өңірлеріндегідей, Әндіжан облысында да елеулі өзгерістер боп жатыр. Атап айтқанда, өткен жылы облыстың жалпы өңірлік өнімі 12пайыз, инвестициялар 19 пайызға артқан. Биылғы жылдың өсу қарқыны бірінші тоқсанында байқалған.

Соған қарамай, өңірде әлі де көптеген мүмкіндіктер бар екенін және экономика әртараптандырылмағанын атап өтілді. Облыс өнеркәсібінің 80 пайызы Асака ауданында және Әндіжан қаласына тура келіп, ал басқа аудандарда өнеркәсіп дерлік дамымағаны жайлыда айтылды. Экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың көпшілігі жұмыссыз, ал жан басына шаққандағы қызмет деңгейі жеткіліксіз екендігі атап өтілді

c8949ffc-00fa-8a15-124e-55c52826c934.jpg

Сондықтан Әндіжан облысында 2019-2020 жылдарда жүзеге асырылатын жалпы құны 25 триллион 181 миллиард сум болған 908 жобадан тұратын инвестициялық бағдарлама жасалды. Аталған жобалардың жалпы құны 1,7 миллиард долларға жуық шетелдік тікелей инвестицияларды тартуды және 35 мыңнан астам жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, өз кәсібін бастамақ болған отбасыларды анықтап «Әр отбасы - кәсіпкер» бағдарламасы аясында 420 миллиард сум көлемінде жеңілдетілген несие бөлу туралы шешім қабылданды.

Өзбекстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі хабары. Хабардың толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.