Навальныйды Ресей федералды органы террористер тізіміне енгізді
Ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальный лаңкестік пен экстремистік әрекеттерге қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізіміне енді.
Росфинмониторинг террористер мен экстремистер тізіміне Алексей Навальныйдан бөлек, жақтастары Любовь Собол, Вячеслав Гимади және тағы 18 адамды қосты. Ресей заңнамасына сәйкес, банктер бұл тізімге енген азаматтардың қаражатын бұғаттап, олардың қызметін тоқтатады.
2021 жылдың маусымында Мәскеу қалалық соты Алексей Навальный негізін қалаған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қорды экстремистік ұйым деп таныды. Федералдық қаржылық мониторинг қызметі өткен жылдың сәуір айында қорды қара тізімге енгізген. 2021 жылдың қыркүйегінде Навальный мен оның серіктестеріне экстремистік ұйым ашты деген айыппен қылмыстық іс қозғалды.