English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Наурыз мерекесіне орай ел бойынша ауқымды іс-шаралар өткізіледі
10:08 / 2026-03-10

Жаңару мен жақсылықтың, татулық пен берекенің жаршысы – Наурыз мерекесі ел көлемінде кеңінен тойланады. Осы айтулы мейрамды жоғары деңгейде атап өту мақсатында Президенттің «2026 жылғы Наурыз жалпыұлттық мерекесіне дайындық көру және оны өткізу туралы» қаулысы қабылданды.

Құжатқа сәйкес, 2026 жылғы Наурыз мерекесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі арнайы ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілді. Бұл шешім ел көлемінде өтетін мерекелік шаралардың мазмұнын байытып, Наурыздың ұлттық әрі рухани мәнін одан әрі айшықтауға бағытталған.

Қаулыда Наурызды лайықты атап өту үшін «Наурызды ұлықтау – адамды ұлықтау!» деген ізгі ұстанымға негізделген мәдени-рухани, ұйымдастырушылық және ағартушылық іс-шаралардың кең ауқымды бағдарламасы қарастырылған. Бұл бастамалар қоғамда бірлік пен мейірім құндылықтарын дәріптеуді көздейді.

Биылғы Наурыз мейрамы Ораза айт мерекесімен үндесе келуі оның адамгершілік және қайырымдылық мәнін одан әрі тереңдете түседі. Осыған орай «Мехрибонлик», «Саховат» және «Мурувват» үйлерінде тұратын жандарға ерекше көңіл бөлініп, олардың жағдайынан хабар алынып, қамқорлық көрсетіледі.

Сонымен қатар «Жасыл мекен» жалпыұлттық жобасы аясында табиғатты түлетуге бағытталған шаралар кеңінен жүзеге асырылады. «Мен де көшет отырғызамын» акциялары мен жалпы халықтық сенбіліктер ұйымдастырылып, елдің әр өңірінде жасыл желек көбейе түспек.

Ал Ташкент қаласындағы «Жаңа Өзбекстан» кешені аумағында арнайы бағдарлама негізінде халықтық серуендер, ұлттық ойындар мен мерекелік думандар өткізіліп, Наурыздың шат-шадыман көңіл күйі бүкіл елге тарайды.

Осылайша, биылғы Наурыз мерекесі халқымыздың бай дәстүрін жаңғыртып қана қоймай, қоғамдағы бірлік пен мейірімділіктің, жаңару мен жасампаздықтың символына айналмақ.