Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Наурыз мерекесінде өзбекстандықтар қатарынан 5 күн демалады
16:25 / 2022-02-18

2022 жыл Наурыз мерекесі қарсаңында өзбекстандықтар қатарынан 5 күн демалатын болды.

«2022 жылда ресми күндерді мерекелеу кезеңінде қосымша жұмыс емес күндерді белгілеу және демалыс күндерін ауыстыру туралы» Өзбекстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2022 жылдың 22 және 23 наурыз күндері барлық қызметкерлер үшін (жұмыс аптасының күніне қарамастан) қосымша демалыс күндері болып белгіленді.

Осыған орай, 5 күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтін қызметкерлер Наурыз мерекесінде қатарынан 5 күн демалады.

Соның ішінде:

  • 19 наурыз (сенбі) – демалыс күні;
  • 20 наурыз (жексенбі) – демалыс күні;
  • 21 наурыз (дүйсенбі) – Наурыз мерекесі;
  • 22 наурыз (сейсенбі) – қосымша жұмыс істелмейтін күн;
  • 23 наурыз (сәрсенбі) – қосымша жұмыс істелмейтін күн.

6 күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтін қызметкерлер қатарынан 4 күн (20-23 наурыз) демалады.