Наурыз мерекесінде өзбекстандықтар 3 күн демалады
Наурыз айының 20-21-22 жұлдызы күндері жұмыс аптасының ұзақтығына қарамай барлық қызметкерлер үшін демалыс күні болады.
2017 жылдан бастап Өзбекстанда ресми даталарды атап өту кезінде азаматтардың толық демалуына жағдай жасау, демалыс және мереке күндерін ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында қосымша демалыс күндері белгіленетін дәстүр бар.
Осыған орай наурыз мерекесі күндері жұмыс аптасының ұзақтығына қарамастан барлық қызметкерлер үшін келесі күндер демалыс күні болып табылады:
- 20 наурыз - сенбі (барлық қызметкерлер үшін демалыс күні);
- 21 наурыз - жексенбі (Наурыз мерекесі);
- 22 наурыз - дүйсенбі (27 наурыз (сенбі)дегі демалыс күніне ауыстырылып - барлық қызметкерлер үшін демалыс күні берілген).
- 27 наурыз, сенбі - барлық қызметкерлер үшін, оның ішінде аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер үшін жұмыс күні.
Сонымен қатар, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында ерекше өзгеріс болмайды және келесідей реттеледі:
- 6 наурыз - сенбі (тек 5 күндік жұмыс режиміндегі қызметкерлер үшін демалыс күні болып, 6 күндік жұмыс режиміндегі азаматтар үшін жұмыс күні);
- 7 наурыз - жексенбі (барлығы үшін демалыс күні):
- 8 наурыз - (мереке, барлық азаматқа демалыс күні).