French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Науаилық кәсіпкер қызға Президент сыйлығы табысталды
14:36 / 2021-08-30

Президент Шавкат Мирзияев Науаи облысына жасаған жұмыс сапары аясында, елдегі алғашқы күн фотоэлектр станциясын қосу кезінде бір топ кәсіпкерлермен сұхбаттасты. Осы кездесуде жас кәсіпкер Мерей Аманбаевада сөзге шыққан болатын.

Мерей өз сөзінде: - Құрметті Президент, сіздің келгеніңізден біз «дұх» алдық, күш алдық десем адаспаймын. 

Өз кезегінде Мемлекет басшысы да, жас кәсіпкермен сұхбатта оның ықыласына шынайы түрде: - «Дұх» алдық деп айтаберіңіз, маған ұнайды, деп жауап берген еді. 

Сұхбат барысында Президент елдегі 100 кәсіпкерге алғысын білдіргеніне, Мерей өз ризашылығын білдірді және олардың санын 101 -ге жеткізетінін айтты. Осы арада Мемлекет басшысы Науаилық жастарға ризашылық ретінде Мерейге отандық автокөлік сыйға тартылатын мәлімдеді.

Осы мәлімдемеге орай кеше ғана Науаи облысының әкімі Кабул Турсынов облыстағы белсенді, облыс экономикасына өз үлесін қосып кележатқан бір топ сала өкілдерімен кездесу өткізіп, онда  Мерей Аманбаеваға Мемлекет басшысының уәде еткендей отандық «Nexia 3» автокөлігін салтанатты түрде тапсырды.

[gallery-3645]