Науаидағы балабақша: Кішкентайлардың сүйікті мекені
ФОТОРЕПОРТАЖ
Науаи облысы Тамды ауданы Аяққұдық ауылындағы «Гулистан» атауымен танылған 8-санды мектепке дейінгі білім беру ұйымы – болашақ ұрпақты тәрбиелеу жолында ерекше назарға ие шаңырақ.
Бұл білім ошағының іргетасы 1980 жылы қаланып, 2022 жылы күрделі жөндеуден өтті. Жаңғыртылған ғимарат бүгінде 52 бүлдіршінді қамқорлықпен баулып, екі топта тәрбиелеп келеді.
Мұндағы тәрбиешілер балалардың алғашқы білімдері мен өмірлік дағдыларын дамытуда заманауи педагогикалық әдістемелерді ұтымды пайдаланып, әр сабақты қызық пен қуанышқа толы етуге жан-жақты күш салуда. Жас ұрпақты жан-жақты дамытуға деген талпыныс бұл ұйымды ерекше мекенге айналдырып отыр.
[gallery-21181]
суреттерді түсірген С.АСЛОНОВ, ӨзА