Науаида мемлекетке 24,4 млрд зиян келтірген майнинг-ферма анықталды
Науаи облысында заңсыз электр қуатын аса көп мөлшерде пайдаланған майнинг-ферма анықталды.
Энергетика министрлігінің хабарлауынша, атаулы майнинг-ферма мемлекетке 24,4 млрд сум зиян келтірген.
Министрлікке қарасты «Узенергоинспекция» Науаи облысы Кармана ауданындағы құрылысы аяқталмаған ғимаратты тексеру барысында азамат Р.Е.И.-ге тиесілі жалпы тұтынуы 840,4 кВт·сағ құрайтын майнинг құрылғылар қуаты 630 кВт·сағ тең екі трансформаторға ерікті түрде қосылғаны белгілі болды.
Атаулы жағдайға қатысты мемлекет кірісіне 24 миллиард 415 миллион 300 мың сум қайта есептелді.
Осы жағдайға байланысты тиісті құжаттар дайындалып, құқық қорғау органдарына жолданды.