Науаида Жаңа жыл мерекесіне қызу дайындық жүріп жатыр
ФОТОРЕПОРТАЖ
Бүгінгі таңда Өзбекстанның барлық аймақтарында Жаңа жыл мерекесіне қызу дайындық басталып, қалалар әсем безендірілуде.
Науаи қаласының орталық алаңда биіктігі 30 метрді құрайтын мерекелік шырша орнатылып, оның айналасында сауда павильондары, балаларға арналған ойын алаңдары мен аттракциондар, көшпелі сахна орнайды. Мерекелік көңіл-күйді арттыратын бұл шаралар қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше әсер сыйламақ.
Қалада сонымен қатар арзан бағамен азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылады.
Мәдениет сарайларында болса, балаларға арналған «Жаңа жыл ертегілері» қойылымдары қойылып, кішкентай көрермендерді Жаңа жылдың сиқырлы әлеміне шақырады.
[gallery-20925]
суреттерді түсірген С.АСЛОНОВ, ӨзА