Науаида газ құю бекетінде жарылыс болып, төрт азамат зардап шекті
12 тамы кешкі уақытта Науаи қаласындағы «Propan Best» пропан газ құю бекетінде жарылыс болды.
ТЖМ-ның мәлімеінше, оқиға жанармай бекетінде «ЗИЛ-130» пропан тасушы автокөлігіндегі сұйытылған газды төгу уақытында өрт шығып нәтижесінде жарылыс болған. Оның салдарынан жақын маңдағы «Москвич-412» маркалы автокөлікте болған төрт адам жарақаттанды. Өлім жағдайы тіркелмеген.
Автокөлік жүргізушісі мен 3 жолаушы түрлі дәрежеде күйік шалып, Науаи облыстық бөліміне жеткізілді.
Өртті сөндіруге барлығы 9 өрт сөндіру және құтқару бригадасы жұмылдырылды, өрт толығымен сөндірілді, делінген хабарда.