ФОТОРЕПОРТАЖ
Өзбекстандағы пайдалы қазбалардың негізгі кен орындары Орталық Қызылқұм аймағында орналасқан. Қазіргі уақытта оларды игеру, ең жаңа техника мен технологияларға негізделген заманауи кәсіпорындарды іске қосу, сондай-ақ елдің экономикалық дамуын жеделдету жұмыстарында Науаи тау-кен металлургия комбинатының орны ерекше.
Қазіргі уақытта НТМК кен орындарында түрлі әдістермен алтынға бай кен өндіру жүзеге асырылуда. Оның ең күрделісі – жер астынан 600-700 метр тереңдіктен қазып алу.
[gallery-19674]
Тау-кен өндірісі әлемдегі ең қауіпті 10 кәсіптің бірі. Әрине, жер астында жұмыс істеу, тар жолдарда және ауа жетіспеушілігі жағдайында минералды тастарды ұнтақтау – кез келген адамның қолынан келетін жұмыс емес.
Осындай қиын кәсіп иелерінің жұмыс барысын фотообъективке таспаладық.
суреттерді түсірген С.АСЛОНОВ, ӨзА