Науаи шығармалары 7 тілде жарық көрген мобильді қосымша жасалды
Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинети жанындағы Президент, шығармашылық және мамандандырылған мектептерді дамыту агенттігі ұлы ақын және ойшыл Әлішер Науаидың шығармашылығына арналған қосымшаны ұсынды.
Мұхаммед әл-Хорезми атындағы ақпараттық технологиялар мектебінде шайырдың 580 жылдығына арналған тұсаукесерде мобильді қосымша таныстырылды. Онда ауаи ғазалдары мен рубаилары 7 тілге аударылып, қосымшаға енгізілген. Жақында оны AppStore және Google Play Market интернет дүкендерінен жүктеуге болады.

Өзбек, ағылшын, орыс, француз, неміс, парсы және араб тілдеріне аударылған Науаи шығармаларын мобильді қосымша арқылы қолданушылар аудио форматта да тыңдай алады.
