Түркияда іссапармен жүрген Науаи қаласының әкімі Дилмурат Эргашев пен Зәйтүнбұрн қаласының әкімі Өмер Арисой арасында кездесу өтіп, екі қала арасында ынтымақтастық меморандумы бекітілді.
Осы меморандумның негізінде Зәйтүнбұрн мен Науаи ресми түрде бауырлас қалалар атанды.

Науаи қаласы әкімдігінің хабарлауынша, кездесу барысында мәдени, экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ достық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Зәйтүнбұрн қаласының халқы негізінен түріктерден тұрады, алайда мұнда өзге ұлт өкілдері де өмір сүреді. Қалада инфрақұрылым жоғары деңгейде дамыған, көлік жүйесі, денсаулық сақтау және білім беру салалары жақсы ұйымдастырылған. Бұл аймақта 6 университет, көптеген сауда орталықтары, мейрамханалар, кафелер мен мәдениет орталықтары орналасқан.

Меморандумның қабылдануы екі қала арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып қана қоймай, алдағы уақытта түрлі әлеуметтік, мәдени және экономикалық жобаларды жүзеге асыруға негіз қалайды.
Бауырлас қалалар арасындағы ынтымақтастық екі тарап арасындағы байланысты күшейтіп, тек қалаларға ғана емес, олардың тұрғындары үшін де жаңа мүмкіндіктер ашады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Самарқанд пен Коня бауырлас қалалар мәртебесіне ие болған еді.