English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
НАТО өз тарихындағы ең үлкен әуе жаттығуларын өткізеді
11:02 / 2023-04-09

2023 жылдың жазында НАТО операциялық және тактикалық деңгейде көпұлтты әуе жаттығуларын өткізеді.

АҚШ Ұлттық гвардиясының хабарлауынша, әуе жаттығулары 12-23 маусым аралығында негізінен Германияда, сосын Чехия, Эстония және Латвияда өтеді.

Әскери жаттығуларға 23 түрлі үлгідегі 220-ға жуық ұшақ қатысады. Осылайша Air Defender-23 НАТО тарихындағы ең үлкен жаттығу болмақ.

«Air Defender-23 АҚШ пен Германияны стратегиялық байланыстырады. Ол тек бірлесіп жұмыс істеу қабілетін ғана емес, сонымен бірге коалициялық әуе күштерінің жылдам орналасуын да сынайтын болады», - деді АҚШ Әскери-әуе күштерінің генерал-лейтенанты Майкл Ло.