НАТО-ның Ресейге қарсы жаңа жоспары жарияланды
Солтүстік атлантикалық келісім ұйымы Ресейге қарсы жаңа стратегия әзірлеуге ниетті.
Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия істері бойынша көмекшісі Джеймс О'Брайен Сенат комитетінің отырысында мәлімдеген.
Оның айтуынша, құжат Ресей Федерациясымен болашақтағы қарым-қатынас процесінде барлық одақтастарды біріктіруі керек.
9-11 шілдеде Вашингтонда өткен НАТО саммитінің күн тәртібіне үш негізгі тақырып қойылған еді: Украинаға әскери көмекті қаржыландыру мен үйлестірудегі альянстың рөлін күшейту, ұжымдық қорғаныс пен Ресейге қарсы тұру үшін топтық қорғанысты күшейту және Батыс пен Қытай арасындағы қайшылықтың күшеую жағдайында Азия елдерімен серіктестікті кеңейту.