NASA Венера планетасын зерттеуге екі миссия орындамақ
Американың Ұлттық ғарыш агенттігі NASA 2028-2030 жылдары Венера планетасын зерттеуге екі миссия жібереді.
NASA баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл зерттеу Жердің ең жақын планетаның «Венера Жердегіге ұқсас көптеген сипаттамаларға ие болған кезде, қалайша мынадай әлемге айналғанын» түсіну үшін жүзеге асырылады. Оған DAVINCI + және VERITAS миссиясы дайындалуда.
DAVINCI + миссиясының шеңберінде ғалымдар Венера атмосферасының құрамын зерттеп, оның қалай пайда болғанын және дамығанын анықтайды, сонымен бірге планетада бір кездері мұхит болған-болмағанын нақтылау миссияның басты бағыттарының бірі.
Ал, VERITAS миссиясы аясында NASA мамандары планетаның геологиялық тарихын зерттейді және планетаның Жермен бірдей дамымауының себептерін анықтау мақсатында Венера бетінің картасын құруға ниетті.