NASA «SPXEREx» телескопын іске қосу үшін SpaceX-пен келісімшарт жасады
АҚШ аэронавтика жəне ғарышқа ұшу саласын зерттейтін NASA агенттігі SpaceX компаниясымен ғаламның пайда болуы мен галактикалардың одан әрі дамуын зерттеу үшін «SPHEREx» ғарыштық телескопын іске қосу туралы келісімшартқа қол қойды.
Бұл келісімшарт құны 100 млн долларды құраййтын болып, онда NASA-ның екі жылдық астрофизикалық SPHEREx миссиясы аясында SpaceX Falcon 9 зымыраны жақын инфрақызыл диапазонда аспанды зерттеу үшін ғарыштық телескоппен ұшырылады.
Сондай-ақ, телескоп су мен органикалық молекулаларды жұлдыздар туатын жерлерде және жаңа планеталар пайда болатын жұлдыздардың айналасындағы құс жолын іздейді. Миссия барысында астрономдар 300 миллионнан астам галактика туралы мәліметтер жинайды және біздің Құс жолы галактикасындағы 100 миллионнан астам жұлдызды зерттейді.
Жоспар бойынша телескопты зымыран 2024 жылы маусымда Калифорниядағы Ванденберг космодромындағы 4E ғарыштық қондырғысынан ұшырылады.