Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
NASA SpaceX-пен арадағы ауқымды келісімшартты тоқтатты
13:42 / 2021-05-01

АҚШ Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) Space X компаниясымен «Artemis» бағдарламасы бойынша Айға қонуға арналған қондырғыны жобалау және жасау туралы келісімшартты тоқтату туралы шешім қабылдады.

CNBC мәліметінше, бұл шешім АҚШ Бас әкімшілігіне (GAO) Blue Origin аэроғарыштық корпорациясы мен Dynetics компаниясының наразылықтарына байланысты қабылданған. Осыған орай NASA SpaceX пен келісімшарты GAO осы сатып алуға байланысты қалған сот ісін шешкенге дейін тоқтатылатынын хабарлаған.  

Енді бұл мәселе шешілгенге дейін SpaceX құрылғыны жасауға NASA-дан қаражат алмайды, келісімшартқа байланысты компания кез-келген жұмысты тоқтатуы керек. Тартысты дау 4 тамыздан кешіктірілмей шешіледі деп күтілуде.

Бір жыл бұрын NASA ғарышкерлерді ай бетіне қондыру үшін ай модулін жобалап және оны жасайтын американдық үш компанияны таңдады. Олар қатарында Илон Масктың SpaceX компаниясы, Джефф Безостың Blue Origin-ні және Dynetics компаниялары болған. Өткен айдағы соңғы шешіммен SpaceX компаниясы Artemis бағдарламасы бойынша ғарышкерлерді Айға қонуға арналған қондырғыны жобалау және жасау туралы 2,89 млрд долларлық келісімшартты жеңіп алған еді.