NASA Халықаралық ғарыш стансасаға «Dragon Crew» ғарыш кемесін сенбі күні ұшыратын болды
Флорида штатындағы ұшыру алаңына Кейп Канавералға президент Дональ Трампта келген
NASA SpaceX компаниясына тиісті «Dragon Crew» ғарыш кемесінің қозғалысына 15 минут қалғанда ауа-райының қолайсыздығына байланысты ұшу уақыты 30 мамырға қалдырылғанын мәлімдеген.
Флорида штатындағы Кеннеди ғарыш орталығынан Халықаралық ғарыш стансасына аттанбақ болған «Dragon Crew» ғарыш кемесі 30 мамыр жергілікті уақытпен сағат 15:22-ге белгіленді. CNN хабарлауынша, кеменің ұшырылуы Флорида жағажайларына көптеген көрермен жиналған болып, бұл ұшырылым америкада ғарыштық бағдарламаның жаңа дәуірі басталатын күн – деп сипатталған және онда жиналған сан мыңдаған жандар арасында президент Дональ Трампта Кейп Канавералға келген. бірақ ұшырылым қалдырылғаннан кейін ол ғарыш айлағынан кетіп қалған.
Бұған дейін NASA Халықаралық ғарыш стансасаға Союз ғарыш кемелерінде ұшып оларға шамамен 3,9 миллиард доллар жұмсаған. Ал егер Илон Маскқа тиісті SpaceX компаниясының «Dragon Crew» ғарыш кемесі стансаға сәтті ұшуды жүзеге асырар болса, онда NASA Союз ғарыш кемелеріндегі ұшу келісімдерінен біртіндеп бас тартатын болады.