Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
NASA Калифорниядағы өрттің ғарыштан алынған суретін көрсетті
13:25 / 2019-10-30

Өрт себепті Арнолд Шварцнеггердің жаңа туындысының премьерасы артқа шегерілді


Калифорнияда аптаның басында бастау алған табиғи өрттің кесірінен штатта төтенше жағдай жарияланып, өрт қауіпсіздігінің «қызыл» деңгейі енгізілген және штат аумағында орналасқан 200 мың тұрғын эвакуацияланған.

NASA Америка аэорғарыш агенттігі Калифорниядағы өртті алқаптың ғарыштан алынған суреттерін жариялап, онда штаттағы кең ауқымды табиғи өрттен шыққан түтін анық байқалатынын көруге болды.

Қазірде өртті сөндірудің барлық амалы қарастырылған. 28 күні «Гетти» мұражайы атырабынан бастау алған өрт Лос-Анжелес округінің 1,5 мың гектар алқабын жалмаған. Осы өрт себепті де, Калифорния штатының алдыңғы губернаторы, атақты кино актері Арнолд Шварцнеггердің жаңа фильм тұсаукесері артқа шегерілген. 

720__6cdT6Cp8tVoTq7yKJok40Wa1-5ToJXty.jpg