NASA Айдың Күн сәулесі түсетін жағында судың бар екенін анықтады
АҚШ Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігінің ғалымдары Айдың күн сәулесі түсетін жағында су бар екенін растады
АҚШ Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігінің (NASA) ғалымдары Айдың күн сәулесі түсетін жағында су бар екенін растады.
НАСА таратқан хабарға сай, бұл жаңалық «Boeing» копаниясының ұшақ базасындағы инфрақызыл астрономиялық обсерваторияның көмегінде жүзеге асқан болып, айдағы су қорының қазіргі кезде «ресурс ретінде» пайдалануға болатындығы белгісіз.
«Біз SOFIA телескопы мәліметтерінің арқасында бірінші рет Айдың күн жағына қараған тұсында судың бар екендігін растай аламыз. Бірақ оны ресурс ретінде қолдана алатынымызды әлі білмейміз. Айда су табу - бұл біздің «Artemis» зерттеу жоспарымыздың негізі», - деп жазған агенттік басшысы Джим Бриденштейн твиттер парақшасында.
2024 жылы НАСА-ның амбиссиялы «Artemis» бағдарламасы аясында американдық астронавттарды айға ұшырып, мұзды су қоры бар болуы керек Оңтүстік полюстің аймағында зерттеулер жүргізу жоспарлануда.