English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Наполи» стадионының атауы Диего Марадонаның құрметіне өзгертілді
16:34 / 2020-12-05

Италия футболында өзіндік тарихы бар «Наполи» футбол клубы үй аренасының атауын ресми түрде Диего Армандо Марадона құрметіне өзгертті.

Неаполь мэрі Луиджи де Мажистрис 4 желтоқсанда қол қойған жарлыққа сәйкес «Сан Паоло» алаңы жуырда ғана 60 жасында бақилық болған әйгілі футбол майталманы Диего Армандо Марадонаның есімімен аталады. Бұл шешімді қалалық кеңестің барлық мүшелері қолдаған.

Аргентиналық аңыз «Наполиде» 1984 жылдан 1991 жылға дейін өнер көрсетіп, екі рет (1986/87 және 1989/90 маусымда) Италия чемпионы атанса, Италия кубогы мен Суперкубогын және УЕФА кубогынде жеңімпаз болған.