English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Наполеонның қылышы Париждегі аукционда рекордтық бағаға сатылды
09:54 / 2025-05-27

Парижде өткен аукционда Франция императоры Наполеон Бонапарттың тарихи қылышы 4,7 миллион еуроға сатылды.

Giquello аукцион үйінің хабарлауынша, бұл баға сарапшылардың күткен мөлшерінен бірнеше есе жоғары — бастапқыда лот 700 мыңнан 1 миллион еуроға дейін бағаланған болатын.

Тарихи деректерге сүйенсек, Наполеон бұл қаруға 1803 жылы Версаль мануфактурасының директоры Николя Ноэль Бутеге арнайы тапсырыс берген. Император билігінің соңына дейін осы қылышты белінде алып жүрген, кейін оны өзінің ең соңғы маршалы — Эммануэль де Грушиға сыйға тартқан. Қылыш сол уақыттан бері маршалдың отбасында сақталып келген.

Бұйымның ерекшелігі — оның түркі стилінде жасалуы және түгелдей қызғылт алтыннан құйылуы. Қылыш сабы мифтік кейіпкерлердің бедерлі бейнелерімен көркемделген. Түпнұсқа үлгіге ұқсас нұсқасы қазіргі таңда Санкт-Петербургтегі Эрмитаж музейінде сақтаулы.

Бұл аукцион — тек коллекционерлер үшін ғана емес, тарихпен тікелей байланысты құндылықтарға деген қызығушылықтың жаңа серпін алғанын көрсетіп отыр.