French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Наоми Осака «Ролан Гаррос» турнирін жалғастырудан бас тартты
12:16 / 2021-06-02

Әлемнің екінші ракеткашысы Наоми Осака Франция ашық біріншілігін жалғастырудан бас тартты.

«Менің ойымша, қазіргі жағдайға байланысты турнирден бас тартсам, бұл жарыс және басқа қатысушылар үшін де ең тура жол болар еді», - деп жазды Осака Twitter-де.

Жапондық теннисшінің мұндай шешім қабылдауына, турнир ұйымдастырушылары оған 15 мың доллар айыппұл салды. Оған себеп ол баспасөз мәслихаттарына қатысудан және БАҚ-пен байланыс жасаудан бас тартқан болатын. Бұл әрекеті үшін ұйымдастырушылар жапон теннисшісіне айыппұл салудан бөлек жарыстан шеттету жайлы мәлімдеген.

Осы жағдайға байланысты бірнеше әлемдік спорт жұлдыздары пікір білдіріп Наомиға қолдау көрсеткен. Солардың қатарында, Әлемнің 7 дүркін чемпионы британдық Льюис Хэмилтон Twitter-дегі парақшасында: «Психикалық денсаулық - бұл әзіл емес, ол шынайы және маңызды. Бұл әрекет үлкен батылдықты қажет етеді. Наоми өзінің жалғыз емес екенін білуі үшін бәрін жасайық. Бүгін достарыңыз бен отбасыңыздың жағдайын тексеріп, сұрап, жалғыз емес екендіктерін білуге ​​жақсы күн», - деп жазды ол.