Наоми Осака нәсілшілдікке наразылық ретінде Нью-Йорктегі турнирдің 1/2 финалында ойнаудан бас тартты
«Үлкен шлем» турнирінің екі дүркін жеңімпазы АҚШ-тағы полицияның қара нәсілділерге қарсы әрекеттерін қаралап турнирде кортқа шығудан бас тартты
Жапониялық теннисші Наоми Осака нәсілшілдікке қарсы наразылық ретінде Нью-Йорктегі турнирдің жартылай финалында кортқа шығудан бас тартты.
«Үлкен шлем» турнирінің екі дүркін жеңімпазы, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Наоми Осака АҚШ-тағы полицияның қара нәсілділерге қарсы әрекеттерін қаралап өз «Twitter» парақшасында жазба қалдырған. «Баршаға сәлем. Көпшілігіңіз білесіздер, менің жартылай финалдық кездесуім ертеңге жоспарланған болатын. Алайда, мен ең әуелі қара нәсілді әйелмін кейін спортшы. Мен қара нәсілді әйел ретінде қазір теннис ойнағаннан гөрі тезірек шешілуі керек болған маңызды нәрсе бар сияқты сезінемін. Полицияның қара халықты қырып-жоюға қарауы менің жүрегімді ауыртады. Мен онсыз да шаршадым», - деп жазды Осака.
Осы жағдайдан кейін оның қарсыласы бельгиялық Элизе Мертенс келесі кезеңге жолдамаға ие болды.