72 жастағы Нетумбо Нанди-Ндайтва Намибия тарихындағы алғашқы әйел президент атанды. Ол партизандық соғыс кезеңінен бері билік басындағы SWAPO партиясының мүшесі болып келеді.
27-30 қараша аралығында өткен сайлау нәтижесінде Нетумбо Нанди-Ндайтва SWAPO (Оңтүстік-Батыс Африка Халық Ұйымы) партиясының төраға орынбасары ретінде президент болып сайланды.
Елдің Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) мәліметінше, президенттік сайлауда сайлаушылардың 76,05 пайызы дауыс берген.
ОСК деректеріне сәйкес, Нанди-Ндайтва 58,07 пайыз дауыс жинап, 638,5 мың сайлаушының қолдауына ие болды. «Намибия халқы бейбітшілік пен тұрақтылық үшін дауыс берді», – деді саясаткер сайлау нәтижелері жарияланған соң.
Нанди-Ндайтва SWAPO ұйымының белсенді мүшесі ретінде елдің тәуелсіздігі үшін ОАР-ға қарсы партизандық соғыс кезінде және көршілес Замбияда қуғында жүрген кезеңдерде қызмет атқарған. 1970 жылдары КСРО-да білім алған. 2012 жылдан бері Намибияның халықаралық қатынастар және ынтымақтастық министрі қызметін атқарып келсе, 2015 жылдан 2024 жылдың ақпанына дейін премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарды.