Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Намангандағы зиярат нысанынан Құран қолжазбасы ұрланды
16:38 / 2022-08-16

Наманган облысындағы «Султан Увайс Қараний» зиярат мекенінен алыс-жақын өткеннің сирек жәдігерлері мұражайында сақтаулы тұрған қасиетті Құран қолжазбасының көшірмесі ұрланды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің ӨзА тілшісіне хабарлауынша, бұл оқиға 2022 жылдың 9 тамызынан 10 тамызға қараған түні сағат 00:04-те болған. Бір топ адам Балықкөл ықшам ауданында орналасқан үлкен тарихи зиярат нысанынан Құран Кәрімнің қолжазба көшірмесін ұрлап, белгісіз бағытта жасырынған.

Бұл жағдайды облыстық прокуратура мен ІІБ басшылығы бірден бақылауға алып, Қылмыстық кодекстің 169-бабы 2-бөлігінің «в», «г» тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта қылмыс істеген белгісіз қылмыскерлерді іздестіру мақсатында құрылған топ жедел іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

«Сұлтан Увайс Қараний» зияратынан ұрланған Мусхафтың қолжазба көшірмесі Өзбекстан мұсылмандары басқармасындағы Құран Османиден кейінгі екінші орында тұрады. Қолжазбаның биіктігі 74 см, ені 51 см, қалыңдығы 12 см, салмағы 21,5 келі. Жалпы 428 беттен тұратын қолжазбада Құрандағы барлық сүрелер толық жазылған. Бұл қасетті кітап хазірет Мәулана Хожа Лутфулла Чусти әулетіне жататындығы және 1874 жылы көшірілгені атап өтілген. Қолжазба 2017 жылға дейін «Алтын мұра» қорында сақталып, сол жылы Наманган қаласындағы «Хидая» орта арнаулы ислам оқу орнының кітапханасына тапсырылған болатын.

Ақылхон Дадабоев, ӨзА