Намангандағы фестивалге 5 миллионнан астам қонақ келді
ФОТОРЕПОРТАЖ
Наманганда өтіп жатқан Халықаралық «Гүлдер фестивалі» 8 маусымдағы мәлімет бойынша 5 миллион 773 мың 554 қонақты қабылдады. Олардың 524 327-сі шетелден, 2 831 12-сі Өзбекстанның түрлі өңірлерінен, ал 2 418 215-і Наманган облысының тұрғындары.
[gallery-23813]
Фестиваль аясында қала орталығы мен саябақтар гүлге толып, жүздеген гүл композициялары, ұлттық және заманауи флористика көрмелері, қолөнер шеберлерінің туындылары және түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Фестиваль 29 маусымға дейін жалғасады.
суреттерді түсірген Х.МАМАДАЛИЕВ, ӨзА