ФОТОРЕПОРТАЖ
Наманган облысының «Учқорғон» ауданында инновациялық және экологиялық таза шешімдерге негізделген жаңа жоба іске асырылды.
«Урдабау» махалласында «Hududgaztaʼminot» АҚ мен Жапонияның «ITO Corporation» компаниясы бірлесіп әзірлеген заманауи газбен қамтамасыз ету жүйесі сынақ режимінде жұмысын бастады.
[gallery-24606]
Жоба аясында жапондық жоғары тиімді технологиялық жабдықтар орнатылып, олардың көмегімен бірнеше көпқабатты тұрғын үй үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз етілді.
Бұл бастама Өзбекстанда энергия тиімділігін арттыру және экологиялық таза технологияларды енгізу бағытындағы стратегиялық қадамдардың маңызды бөлігі ретінде бағалануда. Сынақ нәтижелері оң болған жағдайда, мұндай тәжірибе басқа өңірлерде де қолданысқа енгізілмек.
суреттерді түсірген Х.МАМАДАЛИЕВ, ӨзА