Наманганда жаңартылатын энергия көздері салынуда
Наманган облысындағы Турақорған жылу электр станциясында қуаттылығы 1 МВт күн фотоэлектр станциясының құрылысы аяқталды.
Ол үшін 1,2 гектар аумаққа 1482 күн батареясы орнатылды. Бұл станция пайдалануға берілгеннен кейін, алдын ала есептеулер бойынша жылына 1,9 млн. кВт/сағ электр энергиясын өндіреді және оның орнына 400 млн суум үнемделеді.
Алдағы уақытта мұндай күн батареяларын тағы 10 гектар жерге орнату жоспарланған.
[gallery-11087]
суреттерді түсірген Хотам МАМАДАЛИЕВ, ӨзА