Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Наманганда Өзбекстан мен Қырғызстанның демаркациялық комиссиясының отырысы өтті
14:36 / 2024-04-22

2024 жыл 15-20 сәуір күндері Наманганда Өзбекстан мен Қырғызстан үкіметтік делегацияларының бірлескен демаркациялық комиссиясының жұмыс топтарының кезекті отырысы өтті.

Кездесуде Өзбекстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасын демаркациялау мәселелері талқыланды. Далалық зерттеулер жүргізіліп, оның барысында мемлекетаралық шекараны делимитациялау сызығын аумаққа көшіру міндеттері нақтыланды.

Келіссөздер достық пен өзара ынтымақтастық жағдайында өтіп, шара соңында тиісті хаттамаға қол қойылды. 

Жұмыс топтарының келесі отырысы Қырғызстан аумағында өтеді.

Жұмыс топтарының бұған дейінгі отырысы биылғы жылдың 4-8 наурызында Ош қаласында өткен болатын. Келіссөздер барысында тараптар 2023 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарып, 2024 жылға арналған кездесулер кестесін бекіткен еді.