Наманганда туристік агенттік ашылды
ФОТОРЕПОРТАЖ
Наманган облысының «Давлатабад» ауданында жаңа туристік фирма – «Mazzali Travel» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысын бастады.
Бұл агенттіктің қызметіне ішкі туризм бағыты (Өзбекстан Республикасы аумағындағы туристік қызмет), кіру туризмі (Өзбекстан Республикасына шетел азаматтарын тартуға бағытталған туристік қызмет), шығу туризмі (Өзбекстан Республикасынан тысқары туризм қызметі, оның ішінде медициналық және білім беру қызметі) қызметі кіреді.
[gallery-16081]
Туристік агенттіктің ашылу салтанатына облыс әкімдігі, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сала қызметкерлері, зиялы қауым және қалың жұртшылық қатысты.
суреттерді түсірген Хатам МАМАДАЛИЕВ, ӨзА