Наманганда гүлдер фестиваліне қызу дайындық жүріп жатыр
Наманган облысының әкімі Шавкат Абдураззоков «Давлатабад» ауданында салынып жатқан «Жаңа Өзбекстан саябағындағы» құрылыс жұмыстарымен танысты.
Наманганда осы бақ амфитеатрында биылғы жылдың 19 мамырында басталатын 63-ші Халықаралық гүлдер фестивалінің бірнеше іс-шараларын өткізу жоспарланған. Қазіргі уақытта жаңадан салынған амфитеатрдың әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын.
[gallery-17386]
Облыс әкімі бұл кешенді белгіленген мерзімде пайдалануға беруді, ол үшін құрылысшылар санын көбейту қажеттігін айтты.
суреттерді түсірген Хатам МАМАДАЛИЕВ, ӨзА