Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Наманғанда екі тауды байланыстыратын «шыны көпір» салынды
12:34 / 2023-05-11

Намангандағы «Чодак» деп аталатын демалыс аймағының ең биік нүктесінде екі тауды байланыстыратын «шыны көпір» салынды.

Бұл демалыс аймағына бір жылда 3 миллионға жуық жергілікті туристер келеді.

Пайдалануға берілген «шыны көпірдің» ұзындығы қазіргі уақытта 25 метр болып, ол жер бетінен 700 метр биіктікте орналасқан. Көпірді одан әрі ұзарту үшін құрылыс жұмыстары жалғасуда.

Құрылыстың соңғы бөлігіне жеңілдікті қаражат алуға Сауда-өнеркәсіп палатасы көмектескен.

Еске салар болсақ, бұған дейін Францияның «Montagne et Neige Développement France» компаниясы Ташкент облысының Бостандық ауданында халықаралық демалыс орнын салу бойынша келісімге қол қойған еді.