Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Наманганда алғаш рет халықаралық бал фестивалі өтеді
10:52 / 2022-10-17

2022 жылдың 28-30 қазаны аралығында Наманган қаласындағы «Аңыздар алқабы» демалыс саябағында Бірінші Наманган халықаралық бал фестивалі өтеді.

Атаулы шара Туризм және мәдени мұра министрлігінің Наманган облысы Бас басқармасы тарапынан ұйымдастырып отыр.

Фестивальда 250-ден астам отандық және шетелдік омарта шаруашылығы өнімдері ұсынылады. Сондай-ақ шарада бал өнімдері, омарта шаруашылығы, бал жинау және омарта шаруашылығы туралы ақпарат беріледі. Оған қатысушылар ара шаруашылығына байланысты қолөнер бұйымдарының жасалуы мен балдың бірнеше сортынан дәм тату мүмкіндігіне ие болады.

Бұдан бөлек, шара бағдарламасына республикадағы ауыл шаруашылығы туризмін дамыту мәселелері бойынша ғылыми-тәжірибелік конференция, бал көрмесі, спорттық жарыстар, қонақтарға арналған концерт, ара шаруашылығы саласындағы жетекші отандық және шетелдік мамандардың шеберлік сабақтары өтеді.

Фестивальде түрлі номинациялар бойынша омарташылар арасында байқау өткізу жоспарланған.