Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Наманганда алғашқы мұнай қазып алынды
10:55 / 2019-05-07

Өзбекстан Республикасы Наманган облысындағы Мыңбұлақ кенінен алғашқы мұнай қазып алынды


Өзбекстан Республикасы Наманган облысындағы Мыңбұлақ кенінен алғашқы мұнай қазып алынды, -деп хабарлайды Өзбекстан Энергетика министрлігі баспасөз қызметі.

Министрліктің мәліметінше, Наманган облысындағы Мыңбұлақ мұнай кен ордасындағы жобаластырылған инвестициялық жобалар аясында, зерттеу жұмыстары кезінде алғашқы мұнай қазып алынған. 

Аталған жобаны «Мыңбұлақмұнай» ЖШС бірлескен кәсіпорны жүзеге асыруда. Ол «Өзбекнефтгаз» АҚ және Қытайдың SNPC ұлттық нефть-газ корпорациясымен ұйымдастырылған. Бұл жоба Өзбекстан және Қытай Халық Республикасының энергетикалық ынтымақтастық саласындағы ең ірі жобасы болып табылады және ол «Бір белдеу – бір жол» атты тарихи статегиялық жоба аясында жүзеге асатын болады. 

Мұнай кеніндегі қазып алу жұмысын бастаудағы аздап қиындықтар бар. Мамандардың айтуынша мұнай өте тереңде екендігімен аздап қиындықтар туғызып жатқанын айтады. Оның тереңдігі 6000 метрге дейін немесе оданда тереңде. Сондай-ақ тереңдіктегі жоғары басымдық 115 Мпа дан астам.