Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Наманган қаласында алғаш рет дрондар шоуы өтті
00:30 / 2021-02-16

Наманган қаласында «Ертегілер әлемі» саябағында алғаш рет дрондар шоуы өтті.

Облыстық әкімшілік, Республикалық кадастр агенттігінің «Геоинновациялық орталығы» және облыстық ішкі істер департаментімен бірлесіп ұйымдастырылған шоуда 500 дрон Наманган көгінде түрлі қойылымдар көрсетіп, жарқырай түсті.

Іс-шара басында мыңға жуық көрермен үшін танымал әртістер мен жас әншілердің орындауындағы концерттік бағдарлама болып, одан кейін 12 минуттық дрондар шоуы басталды.

500 дрон көмегінде сегіз түрлі бейне көріністер көрерменге көзайым болды.

Бұған дейін мұндай қойылым, елдің 5 қаласында өткен болатын.