Наманган облысында «Yashil Makon Residency» тұрғын үй кешені бой көтеруде
ФОТОРЕПОРТАЖ
Наманган облысы «Давлатабад» ауданындағы «Жаңа Наманган» қалашығындағы «Yashil Makon Residency» тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстары жалғасуда.
[gallery-18814]
Бұл кешеннің жалпы жобалық құны 363 миллиард сумды құрайды және оны «Castle Town» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салып жатыр.
Тұрғын үй құрылысы кәсіпкерлерінің күшімен кешенде 9, 12, 21-қабатты тұрғын үй нысандары, қонақү йлер, мейрамханалар, Қытайдың «BYD» компаниясы шығарған автокөліктерді сату кеңсесі, сауда және қызмет көрсету нысандарының құрылыс жұмыстары басталған.
Кешендегі 9 қабатты 4, 12 қабатты 2, 21 қабатты 2 тұрғын үй құрылысының нәтижесінде 702 отбасы баспаналы болмақ.
суреттерді түсірген Х.МАМАДАЛИЕВ, ӨзА