Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Наманган мен Алматы қалалары арасында әуе рейсі жолға қойылды
16:48 / 2022-03-01

Өзбекстанның Наманган қаласы мен Қазақстанның Алматы қалалары арасында жаңадан әуе рейсі ашылды.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 наурызда алғаш рет Алматы-Наманган-Алматы рейсі орындалды.

Атаулы әуе рейсін Қазақстан Республикасының «FLY ARYSTAN» әуе компаниясы орындады. Әуе компаниясының А-320 ұшағы Наманганнан Қазақстанның Алматы қаласына 180 жолаушыны тасымалдады.

Бүгінде екі ел арасындағы әуе бағыттары саны жыл сайын артып келеді. Солар қатарында, 2021 жыл 8 наурыздан Ақтау – Үргеніш, 9 маусымнан Самарқанд - Алматы бағыты қосылған болатын. Енді міне Наманган – Алматы бағыты қосылды.