Надаль Барселонадағы турнирде чемпион болды
Әлемнің үшінші ракеткасы Рафаэль Надаль Испанияның Барселона қаласында өткен беделді «Barcelona Open Banc Sabadell» ATP турнирінің жеңімпазы атанды.
Испаниялық теннис жұлдызы финалда өзінен екі саты (рейтинг бойынша) төмендегі грекиялық Стефанос Циципасқа қарсы кортқа шықты. Үш сағат 38 минутқа созылған ақтық кездесуде Рафа қарсыласын 6/4, 6/7 (6), 7/5 есебімен жеңді.
Осы жеңіс 34 жасты испандық ракетка шеберіне 500 рейтингтік ұпай мен 178 985 еуро көлемінде ақшалай табыс әкелді.
26 сәуірдегі жаңартылған ATP рейтингінде испан теннисшісі Рафаэль Надаль 500 рейтингтік ұпай (9810) ресейлік Даниил Медведевтен (9700) озып, әлемнің екінші ракеткасына айналды.