Нұр-Сұлтан қаласында «Айбынды Алтын орда» атты көрме ашылды
«Волонтер жылына» арналған «Әлемді жақсы жаққа өзгерт» атты фотокөрмеде ашылған
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында 2020 жылдың бастамасы ретінде бірнеше кітап көрмесі өтіп, соның бірі - Алтын орданың 750 жылдығына орай ұйымдастырылған «Айбынды Алтын орда» атты кітап көрмесі, ашылды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Көрмеде Алтын орда мемлекетінің құрылуын, даму тарихын, күйреуін баяндайтын 160-қа жуық кітап, фотосуреттер, карталар мен дәйексөздер ұсынылған.
Аталған көрме 3 бөлімнен тұратын болып, олар Алтын орда мемлекетінің құрылуы, Алтын орда мемлекетінің даму тарихы мен ыдырауы және Ұлытау - хандар мекені жайлы.
Осы 2020 жылдың бастамасы ретінде ұйымдастырылған Ұлттық академиялық кітапханасының «Жастар-Коворкинг» орталығында Қазақстанның биылғы «Волонтер жылына» арналған «Әлемді жақсы жаққа өзгерт» атты кітап және фотокөрмеде ашылып, онда Қазіргі қоғам ақпаратты сурет арқылы қабылдауға бейімделгендіктен көрмеге нақыл сөздер мен фотосуреттер қойылған.
