Нүкіс қаласындағы COVID-19 диагностикалық және емдеу орталығына әскери дәрігерлер жұмылдырылды
Нүкіс қаласындағы Олимпиада және ұлттық спорт түрлері бойынша жоғары спорт мектебі базасында COVID-19 диагностикалық және емдеу орталығы жұмыс бастады
Қарақалпақстанның Нүкіс қаласындағы Олимпиада және ұлттық спорт түрлері бойынша жоғары спорт мектебі базасында уақытша COVID-19 диагностикалық және емдеу орталығы жұмыс бастап оған әскери дәрігерлер жұмылдырылды.
Уақытша орталықта 7 блоктан тұратын жалпы 390 орын дайындалған болып, бірінші қабатта 224 орын науқастар арасындағы дем алуы қиындау болған жандарға және екінші қабаттағы 166 жатақ ауру белгілері жеңіл өтетін науқастарға арналған. Орталықта жалпы 150 білікті медициналық маман жұмысқа тартылып, науқастарды диагностикалау және емдеу үшін барлық қажетті медициналық құрылғылар мен тыныс алу аппараттары орнатылған.