Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мюнхенде екі пойыз соқтығысып, 40 адам зардап шекті
09:31 / 2022-02-15

Германияның Мюнхен қаласының маңында екі жолаушы пойызы соқтығысып, 40 адам зардап шекті.

Bild басылымының хабарлауынша, соқтығыс салдарынан бір адам қаза тауып, 20-ға жуық адам жарақат алған. 

Екі пойызда барлығы 95-ке жуық адам болған. Құтқару жұмыстарына 680-ге жуық полицей, өрт сөндіру, құтқару және техникалық көмек қызметкерлері жұмылдырылғаны және қазіргі уақытта жол жабылып, аумақта төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп тұрғаны айтылады хабарламада.