27 ақпанда Мюнхен мен Гамбург әуежайларында кәсіподақтардың бастамасымен екі күндік ереуіл басталды.
Хабарда айтылуынша, бұл акцияға негізінен жолаушылардың рейске шығуына қызмет көрсететін мамандар – ақпараттық-техникалық бөлім қызметкерлері, әуежайдың қауіпсіздік қызметі, жолаушыларды бақылау және жүк дайындау бөлімдерінің қызметкерлері қатысып отыр.
Германиядағы көлемі бойынша екінші орында тұрған Мюнхен әуежайында рейстердің шамамен 80 пайызы тоқтатылған. Ал Гамбургте әуежай басшылығы ұшу кестесін сақтап қалуға тырысқанымен, кейбір рейстердің кешігуі мүмкін екендігі айтылған. Екі әуежай да жолаушыларға ұшу кестесіндегі өзгерістерді мұқият бақылап отыруды сұрап, арнайы хабарлама жариялады.
Әуе компаниялары бұл келіссөздердің тікелей қатысушысы болмаса да, жолаушылардың билеттерін жаппай қайтаруы салдарынан қаржылық шығынға ұшырауы мүмкін.