Мысырлық теннисші спорттан өмір бойы шеттетілді
Спортшы келісім-шартты матчтарда ойын көрсеткені үшін жазаға тартылған
Әлемнің 820 ракеткашысы мысырлық Юссиф Хоссам келісім-шартты матчтарда ойын көрсеткені үшін халықаралық теннис кездесулерін қадағалаушы ұйым (TIU) оны біржолата өмір бойы спорттан шеттетті.
Юссиф Хоссам жалпы 21 кездесуде келісімді түрде ойын көрсеткен. Спортшы өзі 8 рет осындай матчтарды ұйымдастырған. Тағы екі жағдайда теннисшілерді осындай ойындарға тартқан. Ең қызықты тарапы Юссиф Хоссамның туған ағасы Карим Хоссам 2018 жылда дәл осындай «теннисте келісім-шартты кездесулерде қатысқандығы үшін» өмір бойы спорттан шеттетілген болатын.