Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мысырдан Өзбекстанға гепатитке қарсы дәрілердің 12-ші партиясы жеткізілді
16:58 / 2023-08-07

ӨР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, «Uzbekistan Airways» авиакомпаниясы Мысыр үкіметі гуманитарлық көмек ретінде бөлген С гепатитіне қарсы «Sofosbuvir-400 mg» препаратының 12-ші партиясын Шарм-эш-Шейхтен Ташкентке жеткізген.

30 қораптағы бұл 7200 дана дәрі Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Вирусология ғылыми-зерттеу институты тарапынан науқастарға таратады. 

Мамандардың айтуынша, гуманитарлық көмек мемлекет бюджетінен 35 миллиард сум үнемдеуге мүмкіндік береді және бұл қаражатқа гепатит скринингтік тексерулермен қамтуды одан әрі арттыруға болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл гуманитарлық көмек Мемлекет басшысының биылғы жылдың 20-21 ақпанында Мысырға ресми сапары барысында қол жеткізілген келісімдер аясында жүзеге асырылды.

Айта кету керек, Мысыр әлемде В және С гепатиті вирустарымен күресуде үлкен жетістікке жеткен болып, қазіргі таңда ел тұрғындарының бұл дерттен толық айыққаны белгілі.