Мысырдан Өзбекстанға дәрілердің үшінші партиясы жеткізілді
«Uzbekistan Airways» авиакомпаниясы Мысыр үкіметі Өзбекстан ауруханаларында қолдану үшін гуманитарлық көмек ретінде бөлген әлемдегі ең көп тараған дерттің бірі С гепатитіне қарсы «Даклатасвир» препаратының үшінші партиясын Шарм-эль-Шейхтен Ташкентке тегін жеткізді.
Гуманитарлық жүктің Өзбекстанға жеткізілуі Өзбекстан мен Египет арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі жандандыру вирусология саласындағы өзара қолдауды ұйымдастыру аясында бұрын қол жеткізілген келісімдердің практикалық нәтижесі болып табылады.
Жалпы құны 34 930 АҚШ долларын құрайтын 17 мыңнан астам «Даклатасвир» препараты Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Вирусология ғылыми-зерттеу институты тапарынан емделушілерге таратылады.
Айта кетейік, Мысыр денсаулық сақтау министрлігімен 2023-2024 жылдар аралығында Өзбекстанға құны 4,8 миллион доллар тұратын «Даклатасвир» және «Софосбувир» С гепатитіне қарсы препараттарды тегін жеткізу туралы келісімге қол жеткізілген.