Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мысырдағы Шарм-әл-Шейх курорты бетонмен қоршалды
00:15 / 2021-02-11

Мысырдың танымал курорты Шарм-әл-Шейх аумағына кіру үшін енді күзету камералары және сканерлермен жабдықталған бақылау бекеттерінен өту керек.

Euronews мәліметінше, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 36 шақырымдық Қызыл теңіз жағасындағы Шарм-әл-Шейх курортының аумағы бетонды қабырғамен қоршалған.

«36 шақырымдық қоршау шөлді курорттан бөлетін бетон қабырғадан тұрады. Үкімет бұл нысанды қауіпсіздікті арттыру және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасаған, өйткені Шарм-әл-Шейх Синай түбегіндегі бүлікшілердің бақылауындағы жағалаудан небәрі 360 шақырым жерде орналасқан», - деп жазады басылым.

Туризм мамандарының айтуынша, бұл жағдай саяхатшылардың курортқа деген сенімін арттыруға көмектеседі.

2005 жылы Шарм-әл-Шейхтегі жарылыстар мен 2015 жылы Синайдағы ресейлік ұшақтың құлауынан кейін мұнда туристер легі азая бастаған еді. Содан кейін қоршау тұрғызу идеясы 2019 жылда мәлім болған.